Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 – жылдығы қарсаңында Қ. Нұрғалиев атындағы колледжде І курс студенттері арасында «Мен өзіңді жырлаймын, Қазақстан» тақырыбы бойынша мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді.

Сайыста студенттер үш тілде (қазақша, орысша және ағылшынша) «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік» және «Достық, бірлік» тақырыптарында жырлады. Сонымен қатар сайысқа өте жауапкершілікпен қатысты. Сайыс классикалық және заманауи поэзияны оқушыға оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету; оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өтті. Өлеңді нақышына келтіріп барынша мәнерлеп оқыған студенттер марапатталды.

НАШИ КОНТАКТЫ

Республика Казахстан
070000, г. Усть-Каменогорск
ул. Протозанова 87

тел.:  +7 (7232) 25-15-40, +7 (7232) 25-96-27
факс: +7 (7232) 25-29-05
эл. почта: collegekn@mail.ru