08 маусым 2017 жылы Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде студенттердің өндірістік практикасын  қорытындылау бойынша конференция өтті. Конференцияда «Құқықтану», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 3- курс студенттері өндірістік практика бойынша өз есептерін берді.

 Сонымен қатар, конференцияға әлеуметтік әріптестік бойынша өндіріс орындарынан мекеме басшылары шақырылды. Олар студент- практиканттардың практикадан өту нәтижелері бойынша қорытынды берді.

Конференцияда студенттердің есебін қабылдау үшін комиссия құрылды, комиссия мүшелері Қ.Нұрғалиев атындағы колледж директоры М.Нұрғалиев, директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Сапарғалиева және топтардың өндірістік практика бойынша жетекшілері қатысты.

Әрбір топ студенттері өздерінің өндірістік практика бойынша есебін беріп, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Конференция өте жоғары деңгейде өтті. Мекеме басшылары студенттерге сәттілік тіледі. Көптеген оқушылар өндірістік практика орындары бойынша өздерін жұмысқа қабылдағандығы жөнінде айтып өтті.

«Құқықтану» мамандығының 14 ПКАЗ тобы Өскемен қаласының көптеген мемлекеттік мекемелерінде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облыстық сотында, Күршім аудандық сотында, Ішкі істер басқармасында т.б. мекемелерде өткен. Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыров Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің оқытушыларына, сонымен қатар Зкриянова Рита Әділмұратқызына алғыс білдірген.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша студенттер де өз есептерін беріп, практикада өткен нәтижелерімен бөлісті. Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, өз есептерін қорғады. 14 УА каз-1 тобының студенттері өндірістік тәжірибені Өскемен қаласының атаулы ірі кәсіпорындарында өтті. Атап айтқанда, ЖШС «ЭлектроКласс KZ», ЖШС « Mega Trans Building» және мемлекеттік мекеме «Шығыс Қазақстан облысы тілдер дамыту басқармасында» өткен.

 

 

 

 

 

 

 

НАШИ КОНТАКТЫ

Республика Казахстан
070000, г. Усть-Каменогорск
ул. Протозанова 87

тел.:  +7 (7232) 25-15-40, +7 (7232) 25-96-27
факс: +7 (7232) 25-29-05
эл. почта: collegekn@mail.ru