Құмаш Нұргалиев атындағы колледжде Тәуелсіздік күні қарсаңында  «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты ертеңгілік  өтті.  Ертеңгіліктің мақсаты оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы  26  жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. 

Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру,  зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеуде болды.  Ертеңгілікке колледж оқытушылары мен студенттері және колледж қонақтары қатысты. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» ертеңгілігін өткізуге өз үлесін қосқан «Байжігіт» атындағы  қазақ ұлттық аспаптар оркестрі мен бас дирижері Шалқар Рысханов мен Ержан Қасымханов, және сол оркестрдің әншісі Нұргүл Қабдоллаева алғысымыз шексіз. Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілікке қатысқан І курс студенттері: Жамиев Ж, Соколова В, Назарова В, Нурғалиева К атап өткенкім келеді.

НАШИ КОНТАКТЫ

Республика Казахстан
070000, г. Усть-Каменогорск
ул. Протозанова 87

тел.:  +7 (7232) 25-15-40, +7 (7232) 25-96-27
факс: +7 (7232) 25-29-05
эл. почта: collegekn@mail.ru