16.11.2016ж. 14 - ТПП- каз1 тобында «Тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні сайыс түрінде өтті

Сайыстың тақырыбы: Дастарханды безендіру

Сайыс түрі: Қызмет көрсету шеберлігі

Сайыс мақсаты:

Қызмет көрсетуді ұйымдастыру пәнінен жалпы теориялық білім алуды және тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.

Сабақтың әр кезеңінде студенттер алдарына қойылған тапсырмаларын уақытылы орындай алды.

Бұл сабақ студенттердің теорияда алған білімдерін оқу тәжірибесінде шыңдауына, көркем қиялын кеңейтуге мүмкіндік берді және таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырды.

Сабақта әрбір студенттің топпен жұмыс істеуде белсенділігі жоғары дәрежеде болды. Оқытушымен оқушылар арасында қарым-қатынас, сыйластық қалыптасқан жағдайда өтті.

НАШИ КОНТАКТЫ

Республика Казахстан
070000, г. Усть-Каменогорск
ул. Протозанова 87

тел.:  +7 (7232) 25-15-40, +7 (7232) 25-96-27
факс: +7 (7232) 25-29-05
эл. почта: collegekn@mail.ru