Колледж студенттерінің білімдерін мен дағдыларын өндірістік оқытуда ұштастырып біліктіліктерін арттыру мақсатында қаңтардың 25-сі күні 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша оқып жатқан 18-ТОказ-1 тобының студенттеріне арналған кірістірілген сабақ өтті.

Сабақты өндірістік оқыту шебері Кокченов Айдар Кайырдыұлы және арнайы пән ұстазы Копжасаров Бакытжан Турмышевич дайындады.

Кірістірілген сабақ тақырыбы «Автомобильдің басқарылатын дөңгелектерінің түйісумен жантайуын диагностикалау» болды.

Сабаққа колледжбен әлеуметтік серіктестік қарам-қатынас орнатқан ЖШС «Авто Шах» кәсіпорынның  технигі Бауыржанұлы Ерасыл, кәсіби дағдылық жөнінде кеңес беруші ретінде қатысты.

Бауыржанұлы Ерасыл сабақ басында автомобильге техникалық қызмет жүргізгенде қосымша техника қауіпсіздігіне қатысты қандай жағдайларға көңіл бөлуіміз керектігін оқушыларға түсіндірді.

Оқушылар сабақ үстінде «Техно Вектор-7» стендінде диагностикалық әрекеттерді орындап автомобильдің басқарлатын дөңгелектерінің жантаю және түйісу бұрыштарын өзбетінмен анықтап үйренді.

«Техникалық механика негіздері» пәнінің оқытушысы Копжасаров Б.Т. диагностикалық стендтен алынатын ақпаратқа теориялық талдау жасап берді.

Сабақ үстінде оқушылар тарапынан пайда болған сұрақтарға жауап берілді.

Сабақ соңында оқушылар ЖШС «Авто Шах» кәсіпорынның маманы Бауыржанұлы Ерасылға кәсіптік жұмыстың барысы жайлы сұрақтар қойып жауаптарын алды.

«Сабаққа қонақ ретінде емес кеңесші рольінде әлеуметтік серіктестік орнатылған кәсіпорындар мамандарын сабақ үстіне шақырып оқушыларымызға кәсіби дағды беруді әрі де жалғастырамыз» -деген оймен Кокченов А.К. сабақтың қортындысын шығарып сабақты аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *