
Қазіргі Қазақстан тарихының шежіресі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін тәуелсіз, егемен мемлекет деп жариялады. 30 жыл бұрын тәуелсіздікке қол жеткізе отырып, Қазақстан өз тарихында жаңа кезеңді ашты: нығайып, дамуында үлкен нәтижелерге жетті. Қазақстан жаңа даму жолына түсіп, халықтың ғасырлар бойғы еркіндік туралы арманын жүзеге асырды. Халық алғаш рет өз мәдениетін, тілін, дінін және дәстүрлерін дамыту мүмкіндігіне ие болды.
Еліміздің тәуелсіздігі – қазақ халқының ең қастерлі құндылығы, үш жүз жылға үзілген ұлттық еркіндіктің қайта қалпына келуі.
Мұнда 130-дан астам ұлт пен ұлыс бір ғасыр бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Бірақ халық қаншама қиындық пен қасіретті бастан өткерді.
Тәуелсіздік – бұл саяси дербестік, ешкімге бағынбау. Бұл дегеніміз, ел саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттағы күрделі мәселелерді өз бетінше шешеді.