Студенттердің Ертіс полиция бөлімі бастығының орынбасарымен профилактикалық кездесуі

01.10.2026 жылы Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжде студенттермен Ертіс полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Б.Б. Рахимбаевтың қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы — «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар».

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңнаманы сақтау, кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы мәселелер қарастырылды.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға және студенттердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер алды.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Оставьте заявку и получите консультацию