Әлеуметтік серіктестер

«Восток-молоко» Корпорациясы

2012 жылдан бастап осы кәсіпорынмен дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау саласында ынтымақтастық жүргізілуде. 2022 жылы біздің бірлескен қызметіміз шефтік көмек көрсету туралы шартқа қол қою арқылы дамудың жаңа кезеңін бастады. ШҚО Сүт өнеркәсібі үшін кадрларды бірлесіп даярлау, білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша ынтымақтастық, дуальды оқытуды ұйымдастыру, студенттерді кәсіпорында одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында олардың кәсіптік практикасын кеңейту жоспарлануда.

«Zere Travel» туристік агенттігі

Колледждің туристік агенттікпен ынтымақтастығы туризм және сервис саласындағы мамандықтар бойынша студенттердің тәжірибеге бағытталған оқытуын дамытуға бағытталған. Негізгі бағыттар: өндірістік тәжірибеден өту, мамандардың іс-шараларға қатысуы, білім алушылар мен түлектердің кәсіби біліктіліктерін тану, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының халықаралық салалық және/немесе кәсіби талаптарға сәйкестігін бағалау шеңберінде жұмыс жүргізу.

Мұндай әріптестік мамандарды даярлау сапасын арттыруға, кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға және мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

«Hyundai Premium Oskemen» ЖШС

2023 жылы аталған кәсіпорынмен бірлескен қызмет туралы келісімшарт жасалды. Ынтымақтастық аясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі, дуальды оқыту ұйымдастырылды, сондай-ақ кәсіпорын мамандары біліктілік емтихандарында комиссия мүшелері ретінде қатысады.

Кәсіпорын мамандары білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері бойынша Жұмыс берушілердің консультативтік кеңесінің жұмыс топтарының мүшелері болып табылады.

«VoSca» ЖШС

Кәсіпорын қалалық және қалааралық автобус маршруттарында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын Өскемен қаласының ірі автотасымалдаушыларының бірі болып табылады. 2012 жылдан бастап колледж  «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»мамандығы бойынша дуальды оқыту жүйесін іске асыру шеңберінде кадрлар даярлау кәсіпорнымен ынтымақтасады. Кәсіпорын мамандары мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері, студенттердің дипломдық жобаларының рецензенттері болып табылады.

ТОО «РЕЙТИНГ» «РЕЙТИНГ» ЖШС

Колледж құрылған күннен бастап  «1С: Кәсіпорын» өнімдерін пайдалану бойынша компаниямен ынтымақтасады. Оқу практикасында  «Есеп және аудит» мамандығының студенттері осы бағдарламаларды қолдануды үйренеді. «1С: Рейтинг» компаниясының оқу орталығы колледж оқытушылары мен студенттері үшін үнемі ғылыми-практикалық конференциялар өткізеді. Компаниямен тығыз ынтымақтастық «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша студенттерді даярлау кезінде жүргізіледі. Компания мамандары онлайн режимінде бағдарламашы студенттерге арналған вебинарлар мен шеберлік дәрістер өткізеді. Бағдарламалау бойынша олимпиадаларда студенттер алатын жүлделі орындар осындай ынтымақтастықтың көрсеткіштік нәтижесі болып табылады.

ТОО «Таврос Иртыш Отельджилик Йонетимлери А. Ш.» «Таврос Иртыш Отельджилик Йонетимлери А. Ш.» ЖШС

«ДЕДЕМАН» халықаралық класты қонақ үй кешенінде «Қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» және  «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандықтарының студенттері кәсіби тәжірибеден өтеді. Практикадан өту кезеңінде студенттер өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіреді, колледжде оқуды аяқтағаннан кейін осы кәсіпорында жұмысын жалғастырады.

Ресторанный двор «ВОСТОК-ЗАПАД» «ВОСТОК-ЗАПАД» Мейрамхана-қонақ үй кешені

Мейрамхана кешеніне кафелер мен банкет залдары желісі кіреді. 2020 жылы кешен құрылымында бутик-қонақ үй пайда болды.  «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және   «Қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандықтарының колледж студенттері кешеннің барлық кәсіпорындарында кәсіби тәжірибеден өтеді. Колледжді бітіргені туралы диплом алған көптеген практиканттар мейрамхана кешенінің кәсіпорындарында өз жұмыстарын табысты жалғастыруда. Мейрамханалар желісінің аспаздары колледж студенттеріне үнемі шеберлік сабақтарын өткізеді.

«ПКП «Рауан» ЖШС

2023 жылдан бастап колледж бен кәсіпорын арасында белсенді ынтымақтастық жүргізілуде. Кәсіпорын дуальды оқыту жүйесі бойынша студенттерді оқытуды жүзеге асырады және осы уақыт ішінде «Киім дизайны» мамандығы бойынша студенттер үшін сенімді кәсіби даярлық базасына айналды.

Қолдау, назар және жоғары кәсіби деңгейдің арқасында студенттер баға жетпес практикалық тәжірибе алып, нақты өндірістік жағдайда дамуға мүмкіндік алды.

«Пицца Блюз» Мейрамханалар кешені

Жұмыс берушілердің Консультативтік кеңесінің жұмысы шеңберінде И.В. Васильева ЖК, Е.Ю. Резунова ЖК, Н. П. Кочергина ЖК, М. А. Ляпунова ЖК, Л. Б. Бабина ЖК, П. С. Екатеринечев ЖК-мен шарттар жасалды. Ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде тренингтер мен мастер-кластар өткізіледі, студенттердің кәсіби практикасы ұйымдастырылады.

Меморандумы

«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

«PetroRetail» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Домахина Анна Олеговна ЖК

 

«Восток-Молоко» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Никифоров М.Г. ЖК

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі

«Гостинный двор ГД» ЖШС

Павлова И.А. ЖК

Клименкова И.Н. ЖК

Кузьмина Яна Борисовна ЖК

«Кондитер +» ЖШС

Хлебозавод Каравай» ЖШС

«Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және ландшафттық музей-қорығы» КМҚК