Алтай қонақжайлылық академиясы (РФ, Барнаул қ.)

Оглавление

2026 жылғы 20 наурызда Жоғары колледж студенттері Алтай қонақжайлылық академиясы (РФ, Барнаул қ.) ұйымдастырған «Тұтыну нарығын дамытудың өзекті мәселелері-ХХІ» атты аймақтық ғылыми – практикалық конференцияның бес секциясына қатысты.

2018 жылдан бастап Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі осы білім беру ұйымымен ынтымақтастықты жалғастырып, кадрларды даярлау мәселелерін дамыту бойынша практикалық тәжірибе алмасуды ұйымдастырып, қатысып келеді.

Конференция ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын талантты білім алушыларды анықтауға және қолдауға мүмкіндік береді.       Мұндай іс-шаралар білім алушылардың үздік жетістіктерін көрсетеді және насихаттайды.

Өз жұмыстарын В.Овчинникова және Д.Будникова (жетекшісі К.О. Молодова), А.Мейрманова (жетекшісі А.Р. Тоқтасынова), Д. Бояринова (жетекшісі В.В.Носакова), В.Зозуля (жетекшісі Д.К.Калиева), Д.Павлов (жетекшісі А. А. Корунова), Татаринова С.(жетекшісі Ашимова А.С.)ұсынды.

Біз «педагог-білім алушы» тәлімгерлік жүйесі қалай тиімді дамитынын және білім алушылардың шығармашылық күштерін жандандыру, кәсіби уәждемені арттыру үшін жағдайлар жасалатынын атап өтеміз.

Біздің студенттерге колледж қабырғасынан бастап, іздеу және зерттеу дағдыларын игере отырып, болашақ кәсіби маманның қалыптасуында өсуді тілейміз!

Оставьте заявку и получите консультацию