Дәуірдің дара ұстазы

«Дәуірдің дара ұстазы» атты кітапхана қымызханасындағы кеш

2025 жылғы 1 қазанда Қалалық балалар және жасөспірімдер кітапханасында КСРО Халық мұғалімі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, соғыс ардагері Құмаш Нұрғалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Кештің мақсаты – ел тарихында есімі алтын әріппен жазылған, бірнеше буынды білім мен тәрбиенің сәулесіне бөлеген ұлы ұстаздың өнегелі өмірі мен мұраларын жастарға насихаттау.

Іс-шараға өлкеміздің танымал тұлғалары – Ж. Атаев, Е. Қасымов, Құмаш Нұрғалиев атындағы мектептің түлектері, колледж студенттері және «Айгөлек» би тобы қатысты. Қатысушыларға Құмаш Нұрғалиевтің өмірі мен қызметіне арналған көрме ұсынылды.

Кеш барысында Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледждің оқытушысы Татаева Б.Д. ардақты ұстаз жайлы мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ, аңыз адам туралы естеліктер айтылып, әндер шырқалып, Қ. Нұрғалиевке арналған өлеңдер оқылып, би биленді.

Әдеби-танымдық кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани әсер мен тағылымдық ой қалдырды.

Оставьте заявку и получите консультацию