«Саналы ұрпақ» облыстық слет-форумы

«Адал азамат» тәрбие бағдарламасына және «Заң және тәртіп» құндылығына сәйкес 2025 жылғы 7 қарашада «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ базасында ТжКБ білім беру ұйымдарының студенттерін біріктірген «Саналы ұрпақ» облыстық слет-форумы өтті. Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Форум білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе мен ұсыныстар алмасуға арналған пікірталас алаңына айналды. Қатысушылар ашықтық, адалдық және жастардың жасампаз мінез-құлық қағидаттарын нығайтуға бағытталған баяндамалар мен бейнероликтер ұсынды.

Форумда Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледждің атынан «Адал азамат болу – менің борышым!» тақырыбында сөз сөйлегендердің бірі 22-ОПказ-1 тобының студенті Уайхан Нұрсұлтан болды. Ол өз сөзін Ұлы дала перзенті Абай Құнанбайұлының адалдық туралы қара сөздерінің бірінен үзінді келтіруден бастады. Студент Абайдың 37-қара сөзіндегі ойларды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының жеке үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Форумның өткізілуі білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды. Қатысушылар мұндай іс-шаралар жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліктің маңыздылығын түсінуге ықпал ететінін атап өтті.

Оставьте заявку и получите консультацию