ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ КУМАША НУРГАЛИЕВА

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша республикалық мастер-класс

Оглавление

Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжде 2015 жылдан бастап, «Кәсіби құзыреттілік орталығы» жұмыс істейді.Орталықта оқыту тренингтері, шеберлік сыныптар, орта және шағын бизнес өкілдері үшін ,оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері үшін практикалық тапсырмалар құрастырылып, қарастырылады.2022 жылдың 20 желтоқсанында республикамыздың ТжКБ ұйымдарымен  бірге ынтымақтастық іс-шаралар шеңберінде (Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылған) онлайн режимінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша шеберлік-сыныбы ұйымдастырылып, өткізілді.Шеберлік сабағын арнайы пәндер оқытушысы, педагог- зерттеуші Медведева Елена Александровна өткізді.

Оқытушының жұмыс тәжірибесін зерделеп және қортындылау мақсатында Орал, Тараз, Қарағанды қалаларының , Жамбыл  және Түркістан облыстары колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары , өндірістік оқыту шеберлері және студенттері шақырылды. Бұл шараға барлығы 38 колледж өкілдері мен 40 студент қатысты. Қатысушылар ұсынылған тақырып бойынша пікір алмасты. Талқылау кезінде осы мамандық бойынша  нені дамытып аса назар аудару керек екендігімен ой бөлісті. Оқытушы Медведева Е.А. әріптестеріне қолдануға арналған шеберлік сынып материалдарын ұсынды.

Оставьте заявку и получите консультацию