ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «ТАБЫСҚА ЖОЛ–2026: БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. МАМАНДЫҚ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының КММ «Әдістемелік орталығы» және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ҚККП «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» ұйымдастырды.
Конференция білім беру, ғылым және кәсіби қызметтің қазіргі қоғамдағы цифрлық трансформация жағдайында дамуының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында студенттерді, оқытушыларды, жас зерттеушілерді және ғылыми қауымдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.
Конференция жұмысына Шығыс Қазақстан облысындағы «Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледж» мекемесінің 24-М-1 тобының студенті Уланқызы Қалқажан ғылыми жетекшісі оқытушы Ашимова А.С. жетекшілігімен белсенді қатысты.
Ғылыми баяндама «Инновациялар мен мәселелер: менеджмент, экономика және қаржылық стратегиялар» атты 5-секцияда «Жасанды интеллект менеджерлерді алмастыра ма: шындық пен мифтер» тақырыбында ұсынылды.
Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллект технологияларының басқарушылық қызметке әсер ету деңгейін анықтау, сондай-ақ басқару функцияларын цифрлық жүйелер арқылы толық немесе ішінара алмастыру мүмкіндіктерін бағалау болды.
Зерттеу барысында келесі міндеттер қойылды:
- басқару саласында жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи теориялық тәсілдерін талдау;
- менеджерлерді жасанды интеллект технологияларымен толық алмастыру мүмкіндігіне қатысты кең таралған мифтер мен стереотиптерді анықтау;
- кәсіпорын басшылары арасында эмпирикалық зерттеу жүргізу;
- автоматтандыруға ең бейім басқару функцияларын анықтау;
- цифрлық экономиканың дамуы жағдайында менеджер рөлінің трансформациялану перспективаларын бағалау.
Қатысушылардың баяндамалары аудитория тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, экономика, менеджмент және заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша мазмұнды ғылыми пікірталасқа негіз болды.
Колледж студенттерінің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуы олардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар білім алмасуға, ғылыми идеяларды таныстыруға және білім беру ұйымдары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы мүмкіндік береді.




