The text of this page is currently available in Russian only.
«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында сынып сағаты

2022 жылдың 8 желтоқсанында 22-ПРО-1 тобында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында сынып сағаты өтті. Өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезіну, оқушылардың бойында достық, сезімталдық, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу сияқты міндеттер қойылды. Шара барысында студенттер жарияланған тақырыпқа байланысты жоғары білім деңгейін көрсетіп, патриоттық сезімді дамытуға қызығушылық танытты. Сынып сағатының соңында студенттердің әрқайсысы осы уақыт ішінде алған әсерлері мен эмоцияларын білдірді.



