Бүгін Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжде алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Колледж директоры Г.Мұратқызы Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру саласындағы заңнамаға, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру процесін іске асыру шеңберінде педагогикалық ұжымның мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Педагогикалық ұжымға білім беру процесінің барлық бағыттары бойынша негізгі міндеттер жеткізілді.
Колледждің басқарма төрағасы М.К. Нұрғалиев педагогтың, әсіресе жас педагогтардың, шығармашылық шешімдерін, жобаларын және кәсіби өсуін енгізу арқылы кадрларды сапалы даярлауға баса назар аударды.

Post Views: 18


