Колледж логотипі Құмаш Нұрғалиев атындағы
Жоғары колледж
Высший колледж имени Кумаша Нургалиева
Портал және қосымша
Жаңалықтар

Форсайт-сессияда туризм саласы бойынша жұмыс тобына қатысу

23.10.2025 101 рет қаралды 1 мин оқу 1 фото

Форсайт-сессияда туризм саласы бойынша жұмыс тобына қатысу

22 және 23 қазаннан бастап Құмаш Нургалиев атындағы Жоғары колледждің «Туризм» мамандығының арнайы пәндер оқытушылары В. В. Носакова, А. Е. Тоқтасынова және С. Е. Сұлтанбаева,  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында өткізілген Форсайт-сессияға Шығыс Қазақстан облысының жұмыс тобына қатысты.

Іс-шараның мақсаты-алдағы 10-20 жылда еңбек нарығында сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтар мен құзыреттерді анықтау, сондай-ақ оларды білім беру жүйесіне және кәсіптік даярлыққа интеграциялау бойынша ұсынымдарды қалыптастыру.

Сессия жұмысы барысында туризм саласында дамудың негізгі бағыттары, мүмкіндіктері, қауіптері мен заманауи трендтері айқындалды. Талқылауға түрлі білім беру ұйымдарының сарапшылары, туристік агенттіктердің басшылары және тәжірибелі экскурсоводтар тартылды.

Миға шабуыл әдістері мен дөңгелек үстелдің көмегімен қатысушылар технологиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде жоғалып кететін, өзгеретін немесе пайда болатын мамандықтарды талдады.

Бөлісу Telegram
Scroll to Top