Республика күніне арналған студенттердің экскурсия-сұхбаты

Республика күніне арналған студенттердің экскурсия-сұхбаты – Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру
30 қазан күні «Туризм» мамандығының 2 курс студенттері (24-Т-2 тобы) арнайы пәндер оқытушысы Токтасынова А. Е. жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығына барды.
Іс-шара «Қазақ елінің тарихы – қазақстандықтардың заманауи ұрпағын тәрбиелеудің негізі» тақырыбында экскурсия-сұхбат форматында өтті және ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру аясында ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер Президент Жолдауының негізгі бағыттарымен танысып, ел тарихының маңызды кезеңдерін еске түсіріп, Шығыс Қазақстан өңірінде өмір сүретін халықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы білімдерін кеңейтті.
Музейге бару – болашақ туризм саласы мамандары үшін тарихи-мәдени мұраны сақтау мен экскурсия жүргізудің кәсіби тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берген құнды тәжірибе болды.

Оставьте заявку и получите консультацию