College logo Kumash Nurgaliyev
Higher College
Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж
The text of this page is currently available in Russian only.
Жаңалықтар

Кәмелетке толмаған студенттердің Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің бастығының орынбасарымен кездесуі.

14.09.2026 76 views 1 min read 1 photos

Кәмелетке толмаған студенттердің Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің бастығының орынбасарымен кездесуі.

Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжде кәмелетке толмаған студенттермен Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рахимбаев Б. Б. кездесу өткізді.
Іс-шара «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері, мінез-құлық нормалары және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді. Жеке қауіпсіздік мәселелеріне, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция өкілінен білікті жауаптар алды.

Share Telegram
Scroll to Top