ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ КУМАША НУРГАЛИЕВА

Кітап күні

Оглавление

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай А.С.Пушкин  атындағы Шығыс Қазақстан облыстық  кітапханасында 20 сәуір күні ауқымды Мереке өтті.

Бұл күндері кітапхананың пайдаланушылары мен оқырмандары үшін түрлі тақырыптық қызықты кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Кітап жайлы кітаптар» көрмесінде кітап шығару ісінің тарихы, әр жылдары жарық көрген басылымдар мен ең қызықты кітаптар тағдыры орын алған. «Керемет басылымдар» көрмесінде көлемі жағынан немесе өзге де ерекшеліктерімен қызықты кітаптар жинақталған.

 «Шығыс Қазақстан бойынша жолкөрсеткіш кітаптар» көрмесінің тұсаукесері өтті. Аталған көрмеде кітапхана қорында бар жергілікті баспалардың кітап өнімдері ұсынылды. Олар: “ жергілікті авторлар мен Қазақстан Жазушылар одағының еңбектері де назардан тыс қалмады. Көрмені тамашалаушылар авторлар, баспа ұйымдары өкілдерімен жүздесіп, сауалдарын қоя алды. 

Шығармашылық кеш пен дөңгелек үстел отырыстары, жергілікті авторлардың өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер, өзара пікір алмасулар мен сұрақ-жауаптар бейресми түрде өтті. 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев классиканы оқуды ұнататынын және оны оқуды ұсынатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде отырмай, кітап оқу керектігіне де баса назар аударған. 
Кітап мерекесіне Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжінің 1 курс студенттері кітапханаға саяхат жасады.  Осы іс-шара арқылы студенттер әрдайым кітапхананың тұрақты оқырманы болуына қуанып,  кітапқа деген сүйіспеншілігі,   қызығушылығы артып,  үйге кітаптар  алды. 

 

Оставьте заявку и получите консультацию