Өндірістік практика қорытындысы бойынша конференция

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on telegram
Share on whatsapp
Share on email

08 маусым 2017 жылы Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде студенттердің өндірістік практикасын  қорытындылау бойынша конференция өтті. Конференцияда «Құқықтану», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 3- курс студенттері өндірістік практика бойынша өз есептерін берді.

 Сонымен қатар, конференцияға әлеуметтік әріптестік бойынша өндіріс орындарынан мекеме басшылары шақырылды. Олар студент- практиканттардың практикадан өту нәтижелері бойынша қорытынды берді.

Конференцияда студенттердің есебін қабылдау үшін комиссия құрылды, комиссия мүшелері Қ.Нұрғалиев атындағы колледж директоры М.Нұрғалиев, директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Сапарғалиева және топтардың өндірістік практика бойынша жетекшілері қатысты.

Әрбір топ студенттері өздерінің өндірістік практика бойынша есебін беріп, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Конференция өте жоғары деңгейде өтті. Мекеме басшылары студенттерге сәттілік тіледі. Көптеген оқушылар өндірістік практика орындары бойынша өздерін жұмысқа қабылдағандығы жөнінде айтып өтті.

«Құқықтану» мамандығының 14 ПКАЗ тобы Өскемен қаласының көптеген мемлекеттік мекемелерінде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облыстық сотында, Күршім аудандық сотында, Ішкі істер басқармасында т.б. мекемелерде өткен. Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыров Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің оқытушыларына, сонымен қатар Зкриянова Рита Әділмұратқызына алғыс білдірген.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша студенттер де өз есептерін беріп, практикада өткен нәтижелерімен бөлісті. Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, өз есептерін қорғады. 14 УА каз-1 тобының студенттері өндірістік тәжірибені Өскемен қаласының атаулы ірі кәсіпорындарында өтті. Атап айтқанда, ЖШС «ЭлектроКласс KZ», ЖШС « Mega Trans Building» және мемлекеттік мекеме «Шығыс Қазақстан облысы тілдер дамыту басқармасында» өткен.

 

 

 

 

 

 

 

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on telegram
Share on whatsapp
Share on email

Последние записи

Импульстің сақталу заңы. Оқытушылар Меирбаева Г.А., Ильясова Ш.С., Татаева Б.Д.

#QAZAQSTAN30 Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлінің маңыздылығын түсіну үшін қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту мақсатында

Тәуелсіз Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің жетістіктері. Оқытушы Жаксылыкова А.Ж.

Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледже 2021 жылының 14 қыркүйегінде “Тәуелсіз Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің жетістіктері” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Осы шарада 19-ОПказ-1, 20-ОПказ-1 тобынан 9

Кафедра сервисного направления

    Медведева Елена Александровна Заведующая кафедрой Высшая категория   Лабодина Валентина Тимофеевна Высшая категория Бобровская Раиса Анатольевна II категория   Якубовская Татьяна Петровна I категория Жаркембаева Аяулым