Колледж логотипі Құмаш Нұрғалиев атындағы
Жоғары колледж
Высший колледж имени Кумаша Нургалиева
Портал және қосымша
Жаңалықтар

ШҚО ПД Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің аға тергеушісімен кездесу

17.09.2025 92 рет қаралды 1 мин оқу

ШҚО ПД Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің аға тергеушісімен кездесу

2025 жылғы 17 қыркүйекте 24П-1 тобында, «Құқықтану» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан облысы ПД Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция капитаны, колледжіміздің түлегі Сидорова Анастасия Александровнамен кездесу өтті. Аталған кездесу барысында кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы мәселелері қозғалды. Кездесу барысында студенттерге жыныстық қолсұғылмаушылық ұғымы, сондай-ақ жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Әңгімелесу барысында студенттер полиция қызметкерімен әңгімеге белсенді қатысты. Қалыптасқан сенімді әңгіме барысында есірткі заттарын тарату және қолдану, дропперлік, буллинг сияқты басқа да мәселелер қозғалып, аталған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді. Студенттерге өздеріне немесе қандай да бір басқа тұлғаға қатысты жасалған кез келген құқыққа қайшы әрекеттер болған жағдайда «102» немесе «112» арналарына дереу хабарласып, қылмыстар туралы хабарлау қажеттігі ескертілді.

#ШҚОПД #ДПВКО #dp_vostok #ШығысҚазақстаноблысыныңПолициядепартаменті #ДепартаментполицииВосточно_Казахстанскойобласти#

#вестникпрофессий

@talap.edu.kzIMG_2743

@godrp.tipo

@shygys_bilim_basqarmasy

@kasiptik_bilim_beru_ortalyqy

Бөлісу Telegram
Scroll to Top