Колледж логотипі Құмаш Нұрғалиев атындағы
Жоғары колледж
Высший колледж имени Кумаша Нургалиева
Портал және қосымша
Жаңалықтар

Қазақстан халқы тілдері күні

19.09.2025 75 рет қаралды 1 мин оқу 4 фото

Қазақстан халқы тілдері күні

Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ән мен тілдің бірлігі» атты мерекелік шара өтті.

Студенттер мен жас оқытушылар: Татаева Б.Д, Әсембаева М.М. және Әбілмәжинова Ж.Қ. қызықты бағдарлама дайындады. Іс-шараға 1–2 курс студенттері қатысты. Олар сахналық қойылымдар көрсетіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды; ұлы ақындар мен композиторлардың шығармаларындағы тіл мен әуеннің бірлігін паш етіп, ән шырқады; ұлттық музыкалық аспаптарда туындылар орындады. Сонымен қатар, колледжішілік шараға №35 мектептің жас талантты оқушысы Айбекқызы Замира, ІТ-колледж студенті Ұланұлы Адиссұлтан және «Айкөркем» би тобы қатысты.

Қатысушылар тілдерді білу мен меңгеру – болашақ ұрпақ үшін маңызды шарт әрі Қазақстан халқының достығының символы екенін еске салды.

Мерекелік шара тілдің байлығы мен сұлулығын, тіл мен әуеннің бірлігін айқындап, туған тілге, мәдениетке құрмет сезімін оятты, тілдің ынтымақтастық пен қарым-қатынастағы маңызын көрсетті. «Тіл – достықтың тірегі» деген сөз бекер айтылмаған.

#вестникпрофессий

@talap.edu.kz

@godrp.tipo

@shygys_bilim_basqarmasy

@kasiptik_bilim_beru_ortalyqy

Бөлісу Telegram
Scroll to Top