College logo Kumash Nurgaliyev
Higher College
Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж
The text of this page is currently available in Russian only.

Тәуелсіздік қырандыры

15.12.2017 249 views 1 min read 6 photos

Тәуелсіздік қырандыры

Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің І-курс  студенттері арасында «Тәуелсіздік қырандыры » атты алғашқы әскери дайындықтан сайыс өтті. Сайыстың мақсаты:оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту, отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.

Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу, паториоттық сезімдерін ояту.Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Отан алдындағы жауапкершілік  сезімін қалыптастыру.Қазақстан халқының ұлттық, әскери, еңбек дәстүрлерін  жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.

   Сайысты ұйымдастырған – «алғашқы әскери дайындық»  пәнінің оқытушысы Егембердінов Т.М.  Сайыстың  түрлері:

  1. Сап түзеу, рапорт беру
  2. Ату жаттығуы. Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы.
  3. Автоматты бұзу және жинау
  4. Миналанған алаңнан өту.

Бұл сайыста ұлдармен бірге қыздар да белсене қатысты. Екі команда да

бәсеке сай болды. Өздеріне берілген тапсырмаларды, үй жұмысына да мұқият дайындалған.  Бүгінде жаңа Қазақстанның жастарын тәрбиелеудегі басты құндылық – олардың отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Сондықтан білімді де, іскер де білікті патриоттар қалыптастыруда әскери-патриоттық сайыстардың маңызы өте зор.

Share Telegram
Scroll to Top