ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ КУМАША НУРГАЛИЕВА

Тұңғыш Президент күні

Оглавление

Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжінде Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті.

Бұл шараның басты мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.  Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.  Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Шара барысында колледж студенттері елбасына арналған өлең-жырларды мәнерлеп оқыды. Колледждің «Дизайн» мамандығының түлектері дайындаған ұлттық киім үлгісі мен Қазақстан Республикасының елтаңбаларынан жасалған коллекцияларын және «Шашатараздық өнері мен сәндік косметика» мамандығының үшінші курс студенттерінің шаш үлгісін көрсетуден – дефиле өтті. Сондай – ақ «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің» «Allegro», «In coro» вокалдық ансамбльдері  өздерінің ән шашуын сыйға тартты.

Оставьте заявку и получите консультацию