Колледж логотипі Құмаш Нұрғалиев атындағы
Жоғары колледж
Высший колледж имени Кумаша Нургалиева
Портал және қосымша
Жаңалықтар

Туризм күні

23.09.2025 81 рет қаралды 1 мин оқу

Туризм күні

Туризм күніне арналған студенттердің экскурсиясы 23.09.2025 ж.

Әлемдік Туризм күнін мерекелеу қарсаңында «Туризм» мамандығының 2-курс студенттері (24-Т-2 тобы) Шығыс Қазақстан өнер музейі ұйымдастырған қызықты экскурсияға қатысып, «Ақ бауыр» сакралды кешенінің аумағында болды.

Болашақ туризм мамандары өңірдің бірегей мәдени мұрасымен танысып: кешеннің сакралды әрі астрономиялық маңызы туралы білді; ғасырлар бойы сақталған көне петроглифтерді көрді; Шығыс Қазақстанның тарихы мен рухани дәстүрлеріне қанықты.

Мұндай экскурсиялар студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, туған өлкенің бай тарихи-мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастырады және туризм саласындағы кәсіби дамуға шабыт береді.

Бөлісу Telegram
Scroll to Top