2026 жылғы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында «Экологиялық мәдениет – заманауи білімнің бір бөлігі» атты облыстық конкурс өтті. Іс-шараны Кумаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж және ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі ұйымдастырды.
Іс-шараны ШҚО ББ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Ильясова Г.Б. ашып, «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы экологиялық бағыттағы конкурстың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысындағы колледждердің техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары – барлығы 15 қатысушы қатысты. Сонымен қатар, конкурс қонақтары ретінде Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы Азия инновациялық колледжінің өкілдері және Татарстан Республикасы, Қазан қаласындағы «Қазан сауда-экономикалық техникумы» ГАПОУ оқытушысы Бакирова Л.Л. қатысты.
Қатысушылар мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған материалдар ұсынды. Олардың қатарында әдістемелік әзірлемелер: экологиялық жобалар, эко-бастамалар, эко-сабақтар, сондай-ақ білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбие іс-шаралары бар.
Пленарлық бөлім аясында Кумаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледждің тәрбие ісі жөніндегі директоры Агзамова Ш.Т. «Қазақстандағы студенттік ортада экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасап, жастарға экологиялық тәрбие берудегі өзекті тәсілдер мен сын-қатерлерді атап өтті. Сондай-ақ колледж педагогтері (Әсембаева М.М., Әбілмажинова Ж.Қ., Султанбаева С.Е., Мукият А.) экологиялық бағыттағы жобаларын таныстырды. Колледж студенттері Арапова Т. мен Юданова А. экологиялық жобалар бойынша өз жұмыстарын көрсетті.
Іс-шара қонақтары үшін Кумаш Нұрғалиевті еске алу музейіне (Токтасынова А.Р.) экскурсия ұйымдастырылып, өңірдің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін майлы бояумен салынған көркем жұмыстар көрмесі (Молодова К.О., Шипиленко Д.В.) ұсынылды. Сондай-ақ экологиялық материалдарды қолдану арқылы «Екінші тыныс» атты дефиле көрсетілді (оқытушы Кин О.М.).
Қатысушылардың жұмыстарын құзыретті сараптамалық комиссия бағалады. Комиссия құрамында:
— Ильясова Г.Б., ШҚО ТжКБ бөлімінің бас маманы;
— Сандыбаев Е.А., «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС ШҚО филиалының директоры;
— Бейсембаева С.К., медицина ғылымдарының кандидаты, «Экология» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор, облыстық қоғамдық кеңестің экология және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі жұмыс комиссияларының мүшесі;
— Джуманазарова Ж.С., колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі;
— Бисикенова Р.К., Кумаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал қалған қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды:
— I дәрежелі диплом Смаилова Р.К.-ға («Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) берілді;
— II дәрежелі диплом Ващилова А.С.-қа («Алтай қаласының технологиялық колледжі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) табысталды;
— III дәрежелі дипломдар Резабекқызы Гүлбаршынға («Риддер колледжі» КГКП директорының орынбасары) және Мукият А.-ға (Кумаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж оқытушысы) берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу тәжірибе алмасуға, тиімді тәжірибелерді таныстыруға және өңірдің білім беру жүйесінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін педагогтердің кәсіби қауымдастығын нығайтуға маңызды алаң болмақ.



