Колледж оқытушысы Татаева Б.Д.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында өзім қызмет жасап жүрген кәсіптік және техникалық білім беру орны Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледж ұжымын төл мерекелерімен құттықтаймын.
Жас мамандарға бәсекеге қабілетті, білімді де тәрбиелі маман даярлауда еңбектеріңіздің жемісті болып, жан-жақты болуларыңызға тілектеспін. Абай атамыз айтқандай:
Сенбе жұртқа , тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. – деп айтқым келеді.
Колледжді еңбек ардагері, соғыс ардагері, ҚСРО еңбек сіңірген мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің атымен аталуының өзі көп нәрсеге жол нұсқап тұрғандай. Өмір жолының өзі тұнып тұрған адалдық, әділдіктің нышаны емес пе?! Оның істеген істері, қайсарлығы, батылдығы қазіргі жастарға үлгі. Ұлы Отан соғысында екі аяқ, бір қолынан айырылып, басынан талай қиындықтарды өткізе отырып, оның елге, туған жерге деген махаббаты осы дәрежеге көтерді. Қарапайым мұғалімдіктен, мектеп директоры қызметіне дейін көтеріліп, ол басқарған мектеп сол кездегі кеңес дәуірінде үлгілі, өнегелі мектеп атануы қажырлы еңбегі, Отанға деген адалдығы деп білемін.
Міне, кімнен үлгі алып, кімге еліктеу керек! Қазіргі кездегі ақпараттық заманда жастарымыздың жан-жақты болып өсуіне не кедергі? Бар білімді де, білгір, сөзге шешен, істеріне адал, елім, жерім деген жастар. Келешек сіздердікі жастар, жаңа Қазақстанды құратын да, колледжіміздің мәртебесін арттыратын да, сол сіздер ғой. Біз сіздерге сенеміз.
ОРЫНДАЛМАЙТЫН АРМАН, АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ!