Денсаулық күні

Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжде «Денсаулық күні» іс-шарасын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Іс-шара 2026 жылғы 3 қыркүйекте Комсомол аралының стадионында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және командалық рухты нығайту.
Қатысушылар үшін түрлі спорттық жарыстар, эстафеталар мен белсенді ойындар ұйымдастырылды. Олар достық, белсенділік және көтеріңкі көңіл күй атмосферасында өтті.
Іс-шараны стадион аумағында өткізуге Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі мүмкіндік берді. Студенттер үшін ауқымды спорттық іс-шара өткізуге көрсеткен қолдауы мен мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Оставьте заявку и получите консультацию