Ашытқы қамыр және одан жасалған бұйымдарды дайындау

Оглавление

18.10.2024 Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжде 23-ОП-каз-1 тобында ПМ 01 “Ашытқы қамыр және одан жасалған бұйымдарды дайындау” модуль бойынша ОН 1.1 “Санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар” және ОН 1.5 “Ашытқы қосылған қамырдан өнімдер қалыптастыру” пәндерінен екілік(бинарный) ашық сабақ өтті. Ашық сабақты арнайы пәндер оқытушылары Марксова Ж.М және Мұқият А жүргізді. Сабақ барысында Kahoot әдісімен тест жұмысы мен спиннер әдісімен фронталды сұрақ жауап жүргізілді. Модуль бойынша видео-кескін көрсетілді. Студенттер екі топқа бөлініп, топ бойынша жұмыс жасап, тапсырмалар орындады. Ситуациялық-тапсырма, жазбаша тапсырма, шығармашылық тапсырмалар орындады. Рефлексия Padlet тақтасы арқылы онлайн түрде өтті. Оқушылар сабақ аясында кәсіби терминологияны еркін қолданды, өз ойларын, көзқарастарын, идеяларын еркін жеткізе алды.

Оставьте заявку и получите консультацию