14 қыркүйек 2018 жылы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың жаңа әліпбиді оқып – үйрену Орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында алдағы Тілдер күніне және Өскемен қаласының 298 жылдығына орай латын әліпбиінде алғаш рет диктант ұйымдастырылды.
Мәтінге лингвист – ғалым А.М. Фазылова талдау жүргізді, қатысушылар латын әліпбиі бойынша туындап отырған фонетикалық мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты. Бұл ұйымдастырылған шараға Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқытушысы Н.А. Сагатова қатысты. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бағытындағы жұмыстар жалғастырылады.
Post Views: 86