03.03.2023 ж. «Қызмет көрсету бөлімі» кафедрасы онкүндік жоспары аясында 21 Оп каз-1 тобында оқытушы Марксова Жанар Марксовна Мамандығы: 10130300 «Қоғамдық тамақтандыру» Біліктілігі: 3В 10130301 «Аспаз» ашық сабақ өткізді. ПМ 03 бойынша «Жартылай фабрикаттарды пісіру және дайын өнімдерді безендіру» RO 3.4 «Тәтті тағамдарды дайындау және безендіру».
Сабақтың формасы – іскерлік симуляциялық рөлдік ойын
«Өндірістік жиналыс» – болашақ мамандарға өздерін не топ жетекшісі, не жауапты орындаушы рөлінде көрсетуге мүмкіндік берілді, сабақ барысында студенттер практикалық тапсырмаларды орындау кезінде алған білімдерін қолдана білу дағдыларын дамытты, сонымен қатар нақты жұмыс атмосферасын сезінді. Өндірістік орта, бұл оларға болашақ мамандығы туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.
Сабақта алған білім, білік және дағды студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінде пайдалы болады, нарықтағы қиын макроэкономикалық жағдайға бейімделуге көмектеседі.
Сабақ барысында мұғалім АКТ технологияларын, ойын арқылы оқытуды, сыни тұрғыдан ойлауды, саралап оқытуды, проблемалық оқытуды ұтымды пайдалана білді.
Белсенді әдістер мен тәсілдер оқу материалын жеңіл түсінуге, тез меңгеруге оң әсер етті. «БББ» рефлексия әдісі арқылы кері байланыс орнатылды. Ашық сабаққа қатысқан жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар талдау жүргізіп, өткізілген іс-шараға ризашылықтарын білдірді.