ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ КУМАША НУРГАЛИЕВА

Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстанға саяхат

Оглавление

14.11.2016 күні Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж студенттерімен Шығыс Қазақстан Облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының маманымен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тойының 25 жылдығына арнап түсірілген Өр Алтайдың төріндегі қорғандар жайлы видеофильм көрсетілді.

Студенттер Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының жерінде алып “патша қорғандары” көптеп кездесетіні, оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп аталатыны туралы ақпараттар алды. Археолог-этнолог Әбдеш Төлеубаевтың б.з.б. 8 ғасырға жататын 3-Шілікті қорымындағы тапқан археологиялық жаңалығы тарих ғылымында үшінші алтын киімді адам ретінде танылғаны және бұл жәдігерді ғалымдар “Шілікті алтын адамы”деп аталғаны туралы сөз қозғалды.

Патшалар жазығында елімізде баламасы жоқ ашық аспан астындағы мұражайлар төңірегінде сұхбат болды. Тарихшылар Алтайды ұлы даланың кіндігі деседі. Осы аймақта ежелгі дәуірлерде скиф-сақ және сармат тайпаларының мекендегенін жазады. Олар ат құлағында ойнаған жауынгер, батыр болған. Бұл жерден табылған қазба бай¬лық¬тары – сол кездің өзінде адамдардың металл қорытып, зергерлік бұйымдарды шеберлікпен жасағанын аңғартады. Олар жасаған бұйымдар, темір және ағаштан қиыннан қиыстырып түрлі әшекейде келтірілген заттар бүгінгі зергерлердің өзін таңғалдырады. Ал бұл осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған дүниелер! Төрт мың жыл… қайтіп бұған мақтанбассың!

Оставьте заявку и получите консультацию