Литературная гостинная

         13 желтоқсан күні Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жалпы білім бағытындағы» кафедраның оқытушылары ұйымдастырған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты апталық өткізілді. Осы апталық арасында Бейсенова Г.Ө бірінші курстың студенттерімен қазіргі таңдағы өзекті бағдарлама «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыру мақсатында «Абай — қазақтың рухани көсемі» атты әдеби – сазды композициясын өткізді.  

        «Абай — қазақтың рухани көсемі» атты әдеби – сазды композициясының мақсаты:  қазақтың ұлы ақыны туралы жалпы мәлімет бере отырып, халық тағдыры мен мүддесі үшін Абайша ойланып, Абайша  мұңайып,қуанып, оны өзіне үлгі-өнеге, ұстаз тұтып, ақын  мұрасын рухани тірлігіне айналдыру . Әр адамның ойына, қиялына, сезіміне, жүрек дүрсіліне қозғау салу. Абай «қарасөздері» меңгерту.

     І курстың студенттері бұл шараға өте жауапкершілікпен дайындалған, Абай жырлары мен қарасөздері жатқа айтып, әндері шырқалып, күйі тартылды.  Қазіргі ұрпаққа Абайдың санаулы ғана күйі жетіп отыр. Оның «Торыжорға» және «Май түні» атты күйлерін 1984 жылы теледидардан Ғайса Сармурзин орындаған. Бұл хабарды ұйымдастырып және оларды алғаш рет нотаға түсірген күйші, зерттеуші Уәли Бекенов болды. Оның алдында 1977 жылы экспедициялық іссапармен Шығыс Қазақстанға барған ғалым Қайролла Жүзбасов Қатонқарағайда тұратын Хамза Демшіновтен «Абай желдірмесін» жазып алған екен. Ал, Абайдың соңғы табылған күйі «Майда қоңыр». Бұл туынды шұбартаулық домбырашы Жүнісбай Стамбаев деген ақсақалдың орындауында Құрманғазы атындағы консерваторияның фольклорлық зертханасында сақталған. Абайдың «Майда қоңыр» күйін тауып, қайта жаңғыртып, насихаттап жүрген дарынды күйші Мұрат Әбуғазының еңбегі орасан десек артық айтқан болмаспыз, оның орындауында Абай күйлері «Қазақтың 1000 күйі» топтамасына еніп, насихаттауға мүмкіндік алып отыр. Абайдың күйлерін өз қоржынына жинақтап зерттеп жүрген біздің студентіміз Сайранбекова Ұлжан «Торыжорға» күйін орындап көрермендерді таңқалдырды.

 

 

 

 

 

 

Последние записи

Международная студенческая научно-практическая конференция «Человеческий капитал – основы инновационного развития»

01 марта 2023 года в Высшем колледже имени Кумаша Нургалиева прошла международная студенческая научно-практическая конференция «Человеческий капитал – основы       инновационного развития». Конференция была организована в

День открытых дверей 10.02.2023

В колледже 10 февраля 2023г. прошел День открытых дверей. Преподаватели и мастера колледжа провели мастер-классы:  «Использование цвета в дизайне», «Модные тенденции в индустрии красоты», «Нетрадиционные

Дни открытых дверей!)

В Высшем колледже имени Кумаша Нургалиева каждую пятницу с 10.02.2023 по 03.03.2023 года в 14:00 проводится День открытых дверей. Приглашаем всех желающих посетить данное мероприятие.